МәдениетТұлғаларШыңғысхан: Ұлы билеушінің біз білмейтін қырлары

Шыңғысхан: Ұлы билеушінің біз білмейтін қырлары

25 ақпан 2026
5 мин
Шыңғысхан: Ұлы билеушінің біз білмейтін қырлары
"Чингисхан. Великий монгол" фильмінен үзінді | Кинопоиск

Темүжін 1162 жылы моңғол жерінде дүниеге келеді. Ол әкесінен жастай айырылады. Туысқандары тастап кетеді. Серттескен досы Тоғыз жасқа жетпей барынан айрылған Темүжін қалай жарты әлемді жаулаған Шыңғысханға айналды? Адамзат тарихындағы ең үлкен империяны құрған билеушінің біз білмейтін қандай құпиялары бар? Антрополог, тарихшы, шыңғысхантанушы Джек Уэзорфордтың деректеріне сүйеніп, Шыңғысхан туралы сөз қозғаймыз.


Шыңғысхан туғанға дейін 


Моңғол шежіресіне сәйкес, Шыңғысханның анасы Өэлун күйеуімен бірге арбада көшіп бара жатады. Сол кезде моңғол қолбасшысы Есугей оларды байқап, шабуыл жасайды. Өэлун күйеуіне қашып, өмір сүр деп кеңес береді, ал өзін Есугей ұстап алады да, екінші әйелі етеді. Өэлун жүкті болған кезде Есугей татарлармен соғысып, сол шайқаста екі жауынгерді өлтіреді. Олардың бірінің есімі – Темүжін-Угэ. Бұл “Темір адам” дегенді білдіреді. Соғыстан оралғаннан кейін ол ұлына осы есімді береді. Сол кішкентай нәресте Шыңғысхан еді. 


Шыңғысханның балалық шағы


Шыңғыстанушы Джек Уэзорфордтың айтуынша, Темүжін мен әкесі Есугейдің арасы жақын болмаған. Бірде көш кезінде бес-алты жасар Темүжінді әкесі ұмытып кетеді. Баланы тайжуыт тайпасы тауып, біраз уақыт бағып, кейін ата-анасына қайтарады.


Темүжін сегіз жасқа толғанда әкесі оған қалыңдық іздейді. Моңғол дәстүрінде бұл – баланы болашақ әйелінің отбасына тапсыру деген сөз. Ал Бектер деген тағы бір ұлын Есугей жанында қалдырады. Ұлын басқа ауылға қалдырған Есугей қайтар жолда татарлардың тойына тап болады. Ол өзінің кім екенін айтпаса да, оны танып қойғандар ішкен асына у қосып береді. Есугей үйіне жетсе де, бірнеше күннен кейін қайтыс болады.


Есугей өлген соң, Темүжінді туысы Мөңлік алып кетеді, ал анасы Өэлун төрт ұлы мен бір қызымен жалғыз қалады. Туыстары оларды тастап кетеді, ана мен балалар қыстан әрең аман шығады. Кейін Темүжінді басқа тайпаның адамдары ұрлап әкетеді, бірақ ол қашып құтылады. Осылай, Темүжіннің балалық шағы қауіп пен күреске толы өтеді.








Бөртемен қалай танысты?


“Моңғолдың құпия шежіресі” бойынша, Темүжін мен Бөрте бір көргеннен бір-біріне ғашық болады. Олар алғаш кездескенде Темүжін тоғыз жаста болған. Кезінде Есугейдің Теміжүнді әкеп тастаған отбасы – Бөртенің үйі еді. Бірнеше жылдан соң, 16 жасқа толған Темүжін мен 17 жастағы Бөртенің отбасылық өмірі басталады. Бірақ олардың бақыты ұзаққа созылмайды. Меркіттер шабуыл жасап, Бөртені алып кетеді. 


Темүжіннің алдында екі таңдау тұрды: Бөртесіз өмір сүру немесе өліп кетуі мүмкін болса да, әйелін құтқару. Ол екіншісін таңдап, Керейіт ханы Тұғырылдан көмек сұрап, досы Жамұқамен бірге меркіттерді талқандап, Бөртені алып қайтады. Бұл Темүжіннің алғашқы шайқасы болды. Бөрте өмір бойы Шыңғысханның жанында болып, тек әйелі емес, ақылшысы мен досына айналды.


Темүжін Шыңғысан деген атқа қашан, қалай ие болды?


Темүжін талай соғыста шайқасып, Тұғырыл ханға көп жеңіс әкеледі. Кейін ұлын Тұғырыл ханның қызына үйлендіргісі келеді. Бірақ Тұғырыл хан оған көнбейді. Бұл жағдайдан соң, олар жауласып, соңында Темүжін жеңіске жетеді. Осыдан кейін ол “Шыңғысхан” деген атақ пен атқа ие болады.


Шыңғысхан мен Жамұқаның достығы


Жамұқа – Темүжіннің құрдасы. Олар серт берген достар еді. Дегенмен Жамұқа мен Темүжін әскері бір-бірімен соғысады. Жамұқа Тұғырыл хан жағында болады. Бірақ Жамұқаның өз адамдары оны Шыңғысханға ұстап береді. Олар Шыңғысханнан үлкен сый күткен еді. Шыңғысхан мұндай сатқындықты кешірмейтін еді, сондықтан олардың басын алады. Ал Жамұқаны өз қатарына қоспақ болады. Бірақ Жамұқа “Менің халқым саған қарсы күресті. Сен мені ешқашан кешірмейсің. Одан да қанымды төкпей өлтір” дейді. Сөйтіп Шыңғысхан өз досын өзі өлтіреді. Жамұқа өлмей тұрып, Шыңғысханға “Мен де, сен де әкеден ерте айырылдық. Бірақ сені мықты ана тәрбиеледі. Менде болмады. Сенде мықты әйел болды. Менде болмады” деген екен. 


Темүжін ешқашан байлықтың соңынан қумаған 


Джэк Уэзорфордтың айтуынша, Шыңғысхан ешқашан байлық қумаған. Әлемнің жарты байлығы қолына тисе де, тәкәппар, сараң болмаған. Қарапайым киініп, киіз үйде тұрған.

“Әскерлерім  не жесе, мен де соны жеймін. Не кисе, соны киемін. Қалай өмір сүрсе, солай өмір сүремін” деген көрінеді. 


Ең қызығы, ол өзі туралы жазуға, суретін салуға рұқсат бермеген. Оның құрметіне арналған ешбір ғимарат та, сарай да, кесене де, ғибадатхана да жоқ. Тіпті, құлпытас та жоқ. Оның бірінші портретін 1278 жылы, яғни Шыңғыс хан қайтыс болып, 51 жыл өткен соң ғана салған. Ал мүсінді ХХІ ғасырда ғана тұрғызды.









Моңғолдың құпия шежіресі 


Шыңғысхан әр жорықтан кейін бір жетімді асырап алатын. Бұл балалар моңғол халқының толыққанды мүшесі болып, анасы Өэлуннің тәрбиесін алған. Әр тайпадан келген балалар кейін бірігіп, билікте маңызды қызметтер атқарған. Мысалы, оқуға, жазуға жүйрік болған Шиги-Хутуху деген татар баласы Жоғары Сотқа тағайындалған.


Шыңғысхан тек “Яса” заң жинағын жазуға рұқсат берген. Ал Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін Шиги-Хутуху бар білген-көргенін баяндап, “Моңғолдың құпия шежіресін” жазып шығады. Тіпті Бөртенің ұйқыдан ояна салып, Шыңғысханға берген ақыл-кеңесін жазған. Себебі ол бұл оқиғаларды жазбаса, Шыңғыстан тарихан жоғалып кетеді деп ойлаған. 


Әскері аз болса да, жарты әлемді қалай жаулап алды? 


Шыңғысханның әскерінде тек 100-110 мың адам болған, бірақ ол әлемдегі ең мықты әскерді құрды. Ол әскерінен адал болуын талап еткен: жасақтағы әр 10 адам соғыстан түгел оралуы керек еді. Моңғолдар аттың құлағында ойнайтын, әрқайсының бес аты болды, садағын тастаймын. Соғыстан кейін де садағын жинап әкететін. Қысқаша айтқанда, ат, садақ, моңғол – тамаша үштік еді.


Оның әскері бәрін өзімен арқалап жүретін: кепкен сүзбеден сусын жасайтын, бес күн қазансыз жүре алатын. Дорбасына ине-жібін салып алып, киімін, теріні өздері тігіп алатын. Мұның бәрін Шыңғысхан ұйымдастырды.







Шыңғысхан новатор еді. 1206 жылы өз мемлекетін құрды, 1209 жылы қалаларға шапқыншылық жасауды бастады. Бірінші рет қамал қоршалған қаланы көргенде, ол жан-жақты қарап, арық қазып, қабырғаны құлатуды ойлады. Әскерлерін жолсыз жерден, күтпеген жерден шығарып, жауды алдауды үйретті. Мысалы, олар Бұхараға шабуылдағанда шөл жақтан келгенде керуен деп ойлаған.


Жеңілген қолбасшыларын жазаламайтын, әр қолбасшы барын салатынын білетін. Кері шегінсе, түсіністікпен қарады. Мысалы, Шиги-Хутуху Ауғанстанға қарсы соғыста жеңіліске ұшырады, Шыңғысхан өзі барып, нені дұрыс істемегенін көрсетіп, талқылады. Моңғолдар намыс үшін емес, жеңіс үшін күресті. Кері шегіну ұят емес, керісінше жауды арандатудың әдісі болды: бірінші кішігірім жасақты жіберіп, жау олжаларын лақтырғанда негізгі әскер келіп, талқандайтын.

Шыңғысханның 100-110 мың ғана жауынгер болған. Соған қарамастан ол әлемдегі ең мықты әскерді құрды.


Жақындарынан сатқындық көрген Шыңғысхан әскерлерінен әуелі адал болуды талап етті. Оның әскерлер бір-бірін қорғайтын. Жасақта 10 адам болса, соғыстан 10 адам түгел қайтуға тиіс болды. Ешкімді соғыс даласында тастауға болмайтын. Оның үстіне, моңғол әскерлері аттың құлағында ойнайтын. Олардың әрқайсында бес аттан болды. Шамалары келгенше көп садақ алып жүруге тырысты. Соғыстан кейін садақты тастамай, жинап алатын. Қысқаша айтқанда, ат, садақ, моңғол тамаша үштік болды.


Моңғол әскерлері бәрін өзімен алып жүруге тырысты. Кепкен сүзбеден шайқап, сусын жасады. Тіпті, бес күн қазан аспай жүре алатын. Олардың қолында ине-жіп те болды. Олар тігуді білуі керек болды. Киімді де, қажет болса, теріні де тікті. Мұның бәрін ұйымдастырған, әрине, Шыңғысхан еді.


Шыңғысхан новатор болды. Ол көрген жаңа технологияларын бірден қолданысқа енгізді. 1206 жылы өз мемлекетін қалап, 1209 жылы өзге қалаларға шапқыншылықтар жасай бастады. Сонда Шыңғысхан алғаш рет қамалмен қоршалған қаланы көрді. Бұл  қазіргі Қытайдың солтүстік батысы, Таңғұт империясы болатын. Ойлаңызшы, киіз үйдің қабырғасынан басқа қабырға көрмеген ол тұңғыш рет мұндайға кезігеді. Сонда ол жан-жақты қарап, өзен ағып жатқанын көреді (моңғолдар үшін қозғалатын нәрсенің бәрі қаруға, қозғалмайтын нәрсенің бәрі мақсатқа айналады, су қозғалады, қабырға қозғалмайды). “Арық қазып, таңғұттар қаласының қабырғасын құлатамыз” дейді. 

Шыңғысхан өзгеше ойлайтын. Оның әскерлері жолсыз жерден, күтпеген жерден шыға келуі мүмкін еді. Мысалы, Бұхараға шабуылдағанда шөл жақтан шабуылдаған. Бұрын-соңды ешкім шөл жақтан шабуылдамаған соң олар оны керуен деп ойлайды. 


Шыңғысхан жеңілгені үшін қолбасшыларын жазаламайтын. Ол әр қолбасшының барын салатынын білді. Кері шегінсе, оған да түсіністік танытты. Мысалы, Шиги-Хутуху Ауғанстанға қарсы соғыста жасақты басқарып, жеңіліске ұшырайды. Моңғолдар бұлай жеңілмейтін. Сол жолы Шыңғысхан онымен бірге барып, соғысқа қатысады. Оның нені дұрыс істемегенін көріп, талқылайды. Моңғолдар намыс үшін емес, жеңіс үшін күрескен. Оларда өмірін сақтау үшін кері шегіну ұят саналмайтын. Олар әдетте жауды арандату үшін бірінші кішігірім жасақты шабуылға жіберген. Содан кейін жеңілген түр танытып, кері қашқан. Жау артынан қуғанда моңғолдар олжаларын, құнды заттарын лақтырған. Осы кезде моңғолдардың негізгі әскері келіп, талқандаған. 






Шыңғысхан өзі берілген халықты өлтірмейтін


Шыңғысхан әскерінің мойнында 40 миллион адамның қаны бар, бұл әлем халқының 10%-на тең. Қазіргі заманмен салыстырсақ, бұл 800 миллион адамды өлтіргенмен тең. Қатыгездігімен әлемге әйгілі болса да, ол өз еркімен берілген халыққа тиіспеген. 


Оның басты қаруы қорқыту болды. Соғыста жеңгеннен кейін қашқындарды жібере салатын. Олар келесі қалаға барып, моңғолдардың қалай миллиондарды өлтіріп жатқанын айтып беретін. Осылай ол өзін асқан қатыгез етіп көрсетіп, үрей туғызды. Бұл – жауды әлсірету үшін жасалатын психологиялық терроризм. 


Қашқындар бір жағынан өз еріктерімен берілуді насихаттады, берілсе, бәрінің аман қалатынын айтты. Себебі Шыңғысхан өздері берілген халыққа тиіспейтін. Әрі қарай бейбіт өмірлерін сүре беретін. Тек әрі қарай моңғолдар билейді. Тіпті, қарсыласса да, бәрін емес, тек биліктегілерді ғана өлтіретін. Мұндайда билік халыққа нашар қызмет көрсетті деп санайтын. 


Ең жаманы – беріліп, содан соң серттен таю. Моңғолдар алыстап кеткеннен кейін “болды, олар кетті, енді келмейді” деп, айтқан салығын жинамаса, олар қайтып келіп, бірін қалдырмай өлтіретін. 


Шыңғысхан үнемі салқынқанды болатын. Ақылға салатын. Эмоцияға беріліп, талқандап тастайтын сәттері өте аз болған. Бірде ол ең сүйікті немересі Ширемунды Ауғанстанды жаулауға жібереді. Ол өлді деген хабар жетеді. Соғыста ешқашан жақындарын жоғалтпаған Шыңғысхан сүйікті немересінен айырылады. Ол сол жолы ұлын шақырып алып: “Енді сенің ұлың жоқ. Бірақ, сен жылауыңа болмайды. Олар жыласын!”, – дейді де, Ауғанстанға асқан қатыгездікпен шабуылдайды.










Әрбір адам өз дінін таңдауға құқылы


Ұйғырларды найман ханының ұлы Күшлік басқаратын. Наймандар христиан болғандықтан, ол ұйғырлардың Ислам ұстауына тыйым салып, түрлі бассыздықтар жасайды. Осы уақытта ұйғырлар өз елшілерін Шыңғыс ханға жіберіп, Күшліктен құтқаруды сұрайды. Шыңғысхан жасақ жіберіп, Күшлікті тақтан тайдырады. 


Бұрын Шыңғысхан Моңғолияда тайпалардың әйелдер үшін жиі соғысатынын көрген. Әйелдерді көп ұрлағандықтан, Шыңғысханның өз шежіресінде де қайшылықтар көп болды. Балалардың кімнен туғаны түсініксіз болды. Сол себепті ол Моңғолияда әйелдерді ұрлауға, сатуға тыйым салған еді. Енді ол адамдардың әйелдерден бөлек, дін үшін де соғысатынын көреді. Сонда Шыңғысхан Моңғол империясынан тыс өмір сүретін елдерге арнап, мынадай алғашқы заң шығарды.

“Әрбір адам өз дінін таңдауға құқылы. Оны ешкім тоқтатуға, мәжбүрлеуге құқығы жоқ”, – дейді ол. 


Ол мұндай заңдарды идеология үшін шығарған жоқ. Ол өзінің анасының, әйелінің ұрланғанын көрді. Бұл оған өмірлік тәжірибе арқылы келді. 


Шыңғысханның өзін анимист деуге болады. Жас кезінде ол Бурхан-Халдун тауына табынған. Себебі жаудан қашқанда сол жерден пана тапты. Ол таудың төбесіне көтеріліп, аспан астында тұрып, бас киімін, белдігін шешіп, сыйынатын. Кейін ол бір елге шабуылдар алдында да таудан кеңес сұрайтын болды. Барлық жасақ төменде Шыңғысханға Құдайдың не дейтінін күтіп тұратын. Моңғолдарда тау, су Тәңірі, тағы да басқа Тәңірлер көп болды. Олардың әрқайсысына ұнамды әрекеттер болатын. Бір Тәңірге өлең айту керек, бір Тәңірге сүт беру керек. Қайсысына не ұнайтынын білу маңызды болды. Ал өзге елдерді жаулап алғанда моңғолдар өзге ел Тәңірлері не ұнататынын білмеді. Осыдан кейін Шыңғысхан Тау Тәңіріне емес, Көк Тәңіріне сыйынуды бастады. Себебі әлемнің қай жерінде жүрсе де, аспан барлық жерге ортақ болатын. Айтпақшы, моңғолдар тілінде “аспан”, “жұмақ”, “Құдай”, “ауа райы” деген бәрі бір “Тәңір” деген сөз. 








Шыңғысхан тұсында әйелдер ел биледі


Моңғолдардың саны аз болды. Шыңғысхан олардың әрқайсысына белгілі бір міндет жүктеп, барлығын тиімді пайдалану керегін түсінді. Ер адамдар соғыста болғандықтан, әйелдер ел ішінде ел басқарды. Моңғолдармен көршілес түрік хандықтарын оның қыздары, ал Моңғолия жерлерін әйелдері биледі.


Тіпті, өзінің орнына хан тағайындағанда да мұны ескерді. Оның мұрагері Үгедей сауыққа жақын болатын. Ұлына аса үлкен үміт артпаса да, ұлдарын өте қабілетті, ақылды әйелдерге үйлендірген. Мысалы, Үгедейдің әйелі Төрегене солардың бірі болған. Ол соңғы жылдары ұлы империяны өзі басқарған. 


Шыңғысхан шығыс пен батыс сауда жолын байланыстырды


Моңғолдар саудаға қатты тәуелді болды. Өйткені өздері ештеңе өндірмейтін. Ол кезде Қытайда көпестер төменгі тап саналатын. Шыңғысхан келіп, оларды ғалымдардан да жоғары қояды. Оларға жеңілдіктер жасайды. Мысалы, мемлекеттік салық тек бір рет салынатын. Тоқтаған әр қалаға төлеп жүрмейтін. Сонымен қатар демалатын үйлер желісін жасады. Саудагерлер мұндай үйлерден тың аттарды алып, тамақ ішетін, ақша төлеп, түбіртек алатын. Түбіртек барлық империяға жарайтын. Тіпті, саудагерлер жүретін жол қауіпті болса, кішігірім жасақпен де қамтыған. Моңғолдарға дейін бір саудагердің Қытайдан Еуропаға аман-есен барып келгені туралы дерек жоқ. Шыңғысханнан кейін Шығыс пен Батыс арасындағы бұл қатынас бір жылға да үзілмеген. 


Иә, моңғолдар үшін сауда маңызды болды. Кейде көпестер ойға қонымсыз бағаларды айта салып, моңғолдардың саудаласқанын күтетін. Ал моңғолдар керісінше “одан да көп береміз” дейтін. Бір күні мұсылман қаржы кеңесшісі Үгедейге “бұлай артық төлеуді қою керек” деген кеңес береді. Сонда Үгедей “Бәрібір ақша қайда кетеді дейсің? Империяға қайтып келеді”, – дейді.


Шыңғысхан елшілердің құқықтарын да қорғаған 

Ол түрлі елдерге елшілер жіберетін. Сонымен қатар елшілерді тұтқындауға, азаптауға, өлтіруге болмайтынын қатаң ескерті.

“Егер біздің адамды өлтірсеңдер, біз сендерді жер бетінен жоқ қыламыз”,   деді ол.  










Шыңғысхан адамдардың қабілетін көре алды


Шыңғысханның ерекше қасиетінің бірі ол адамдардың қабілетін, оның империяға пайдасын көре алатын. Мысалы, Шыңғысхан қай жерде болса да, толық халық санағын жасауды талап етті. Әр үйде қанша адам, немен айналысатыны, қанша мал бары жазылған тақта болуы талап етілді. Мұнда, әрине, математика керек. Ал Шыңғысхан жаулап алған Хорезмде алифметиканы ойлап тапқан математик өмір сүретін. Оған дейін моңғолдар бәрін жылқымен санаса, енді бұл үшін хорезмдік математиктің білімін пайдаланды. 


Шыңғысхан барлық дінді, мұғалімдерді, дәрігерлерді салықтан босатқан. Бұл арқылы ол тек осы адамдарға жеңілдік беруді көздеген жоқ. Ол халықтың рухани жағдайын, білімін, денсаулығын ойлады. Оның табиғатқа байланысты да қатаң заңдары болған. Мысалы, егінді суару үшін су арнасын бұруға болмайтын. Бұл жер мен суды қорлау болды. 


“Менің мүрдем жоқ болсын, ал халқым мәңгі өмір сүрсін”


Шыңғысхан таңғұттарды екінші рет жаулауға бара жатқан жолда 1227 жылы тамызда қайтыс болады. Бірақ, нақты күні белгісіз. Себебі ол уақытта таңғұттармен соғыс болып жатқан. Таңғұттар алғашында Шыңғысхан билігін мойындап, кейін Таяу Шығысты жаулауға кеткен Шыңғысханға әскер жіберуден бас тартады. Жоғарыда айтқандай, Шыңғысхан серттен таюды кешірмейді. 


Таңғұттар буддист болатын. Оларда отбасынан біреу кетсе, ол қайта сол отбасында дүниеге келеді деп сенген. Сол үшін Шыңғысхан патша тұқымын түгелдей қыруды тапсырады. Оларды жеңгенше Шыңғысхан өлімін жасырады. Әлі күнге Шыңғысханның моласының қайда екенін ешкім білмейді. Ол тірі кезінде “Менің мүрдем жоқ болсын, ал халқым мәңгі өмір сүрсін” деп айтып кеткен көрінеді. 

Бөлісу: