Жоба туралы

Tamga Media — қазіргі күнімізді қалыптастырып жатқан барлық маңызды жайтты екі тілде ұсынатын медиа.

Редакция оқырманға әлемде және Қазақстанда не болып жатқанын айтып қана қоймай, не себепті болып жатқанын түсінуге көмектеседі.

Біздің миссиямыз – күрделі тақырыптарды оңай әрі түсінікті етіп жеткізу, оқырманға әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды жақсырақ түсінуге көмектесу, сапалы журналистика арқылы танымын арттыру.

about-1

Қиын да оңай, маңызды әрі қызық ақпарат тарататын заманауи медиа

Біз контентті екі тілде ұсынамыз: ақпаратты қазақша да, орысша да таза, түсінікті, заманауи әрі сый-құрметпен жеткіземіз. Бізге әрбір мақаламыз барлық буын өкіліне түсінікті әрі қызық болғаны маңызды.

Неге Tamga Media?

Тамға (Таңба) — бұл тұлғалық ерекшелікті және бірегейлікті көрсететін белгі. Әр рудың өз тамғасы болған. Таңба ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ата-бабаның күшін, түп-тамырын көрсеткен.

Біз ұлттық кодты сақтап, жаңартатын медиа алаңы болғымыз келеді, сол себепті Tamga Media атауын таңдадық. Біз қазақ тілін, дәстүрін, тарихын және мәдениетін негіз етіп, заманауи, ашық әрі визуалды тұрғыдан көркем медиа құрдық.

Команда

Айгерим Исатаева

Айгерим Исатаева

Негізін салушы