Ойын-сауықМузыкаҚазақстандық рэп шетелдіктер арасында қалай феноменге айналды?

Қазақстандық рэп шетелдіктер арасында қалай феноменге айналды?

23 қаңтар 2026
5 мин
От айтыса до рэпа: как казахский рэп стал феноменом среди иностранцев
Фото: afisha.ru

Кейінгі жылдары қазақстандық рэп ТМД елдерінде де кеңінен танымал болды. Скриптонит, V $ X V PRiNCE, Jah Khalib, “Ирина Кайратовна” тобы сияқты орындаушылардың тректері хитке айналып, музыка чарттарында үздіктер қатарынан түспей жүр. Қазақстанда рэп жанры қалай пайда болды және бүгінгі деңгейіне қалай жетті? ТМД елдері арасында қалай феноменге айналды? Материалда баяндаймыз. 


Қазақстанға рэп жанры қалай келді?


Қазақ мәдениетінде өнердің орны  бұрыннан бөлек. Қазақтар бесік жырынан бастап, жоқтауға дейінгі өмірін өлеңмен өрнектеген.


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда рок, шансон және поп музыка танымал болды, ал рэп көпшілікке жаңа және түсініксіз жанр болып көрінді. 1994 жылы Rap Zone тобы пайда болып, олардың “Шум-гам-бум-переворот” деген әні хитке айналды. Олардың әні бүкіл телеарна мен клубтарда орындалы. Бірақ топ 1998 жылы тарап кетті. Есесіне олар Қазақстанға рэп жанрын әкелген алғашқы топ болып тарихта қалды. 


2000 жылдардың басында Қазақстанда гангста-рэп пайда болды. Оның алғашқы өкілі – “ДМХ” тобы. Олардың көше өмірін шынайы жеткізген "Қазақша стиль" альбомы тез танылды. Ghetto Doggs тобы шығыс әнін батыс стилімен араластырып, "Чайки", "Ханка" сияқты тректерін шығарды. 



2006 жыл қазақстандық рэптің жаңа кезеңі болды. Алматыда Metis тобы құрылып, олардың “Без сна” трегі “Рэкетир” фильміне қосылды. Сол жылы G.H.A.D. тобы да сахнаға шығып, достық, отбасы, дін сияқты терең тақырыптарды рэп арқылы жеткізуге тырысты. 2010 жылы Қазақстанның батыс өңірінен Smitty мен Domalak, ал оңтүстік өңірінен Baller мен BroUpgrade деген рэп орындаушылар шықты. Сол жылдары Hiro да қазақша мен орысша араластырып, рэп айта бастады.


Жаңа таланттар толқыны ТМД елдерінде де танылды


Қазақстандық рэп 2015 жылы тағы бір алтын дәуірді бастан өткерді. Скриптониттің "Дом с нормальными явлениями" альбомы ТМД елдеріне кеңінен таралып, көпшілікке ұнады. Оның өз атмосферасы, ырғағы бар әндері рэптің жаңа стилін қалыптастарды. Jah Khalib, V $ X V PRiNCE, HIRO, De Lacure, Darkhan Juzz, Кисло-сладкий, Bonah, “Ирина Кайратовна” тобы, Truwer, 104, Niman, Captown, Масло черного тмина, Назима, Say Mo, Belucci, Shiza, Yenlik, Taspay сияқты орындаушылар да заманауи әрі батыс стилін қазақ сахнасына әкелді.


Қазақстандық рэптің көршілес елдерде танылғанының бірнеше себебі болуы мүмкін. 


Батыстың рэбінің стилін өз стилімен үйлестірген. Қазақстандық орындаушылардың көбі өз сұхбаттарында 50Cent, Mr. Credo, Mobb Deep, 2Pac сияқты аты аңызға музыканттардың туындысын тыңдап өскенін айтады. Кейін рэп жазғанда олар сол батыс стилін өз стилімен үйлестіріп, тәжірибеде қолданады. Мысалы, Jah Khalib-тің айтуынша, оның музыкасында батыс стилінің реңі бар. 


Қазақы мәнер мен тіл ықпалы. Қазақстандық орындаушылар тек қазақша емес, орысша рэп оқиды. Бұл да ТМД аумағындағы аудиторияны кеңінен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Оған қоса көптеген тыңдарман әлеуметтік желіде қазақстандық музыканттар орысша рэп оқыса да, оны қазақы мәнерде оқып, ерекше ететінін жазған. 


Қазақстандық рэп орындаушылар креативімен ерекшеленді. Қазақстандағы рэп орындаушылардың барлығы бірдей музыкалық білім алмаған. Өнер жолын сахнада емес, көшеде немесе кішкентай студияда бастаған олар музыка, рэп жазғанда барынша креативін, сезімін, өз ойы мен көзқарасын қосады. Соған қарамастан отандық орындаушылар барлық жағынан кәсіби болуға тырысады. Бейнеклиптерін де қымбат локация, қымбат декорациясыз-ақ сапалы, қызық етіп түсіреді.


Қорытындыласақ, қазақстандық рэп батыс стилі мен қазақ мәнерін қосып, ерекшеленді. Қазір олардың шығармашылығы шекара асып, рэп орындаушылар көбейіп жатыр.

Бөлісу: