Фотосессиядағы мінсіз киімдердің, қызыл кілемдегі образдардың артында стилист тұрады. Қазақстанда бұл мамандық енді ғана танылды. Tamga media ерекше образдар жасайтын стилистердің тізімін ұсынады.
Алматы сән әлемінің ең танымал стилистерінің бірі. Оның сөзіне қарағанда, киім – адамның өзін айналасына танытатын тілі. Ол көше стилін (стритстайл) өте шебер үйлестіреді. Жанардың айтуынша, батыста «ешкімге ұқсамау» әлдеқашан қалыпты нәрсе болса, бізде бұл үрдіс енді ғана, әсіресе жастар арасында көрініп келеді. Ол имидж таңдайды, түсірілімдерге киім жинайды және адамдармен бірге шопингке барады. Оның мақсаты – тренд қуу емес, өз стиліңізді табуға көмектесу.

Мәди – cтилистиканы хоббиден кәсіби мамандыққа айналдырған жан. Ол еліміздегі стилистер қауымдастығын құрып, «Шесть шагов к совершенному стилю» кітабын жазған. Сегіз жыл бойы Kazakhstan Fashion Week жобасында істеп, «Битва стилистов Asia» реалити-шоуын жүргізді. Сондай-ақ X-Factor, «Моя прекрасная мама» сияқты ондаған телешоуда және Владислав Лисовецпен бірге жұмыс істеген. Мәди имиджін түбегейлі өзгерткісі келетіндерге мүлдем жаңа образ сыйлайды. Қарапайым адамдардан бастап, жұлдыздар мен бизнесмендерге дейін киіндіреді.
Журналдар мен жеке клиенттерге фотосессия ұйымдастырып, жарнама түсірілімдеріне образдар жинаған. «Евразия» мен “Kazakh TV” арналарына сән сарапшысы ретінде шақырылып, түрлі ұжымға тренингтер де өткізген. Қазір өз блогында сән әлемі туралы жазып жүр. Нұргүл әр адамның дене бітімі мен өзіне жарасатын түстерін дөп басып табады. Ол клиенттеріне артық шығынсыз, күнделікті өмірге өте ыңғайлы гардероб жинап береді.
Айзат – cтилист әрі сән кеңесшісі, Visa Fashion Week Almaty шарасының тұрақты қонағы. Ол шетелдегі Nanushka бренді мен Марокконың Maison Art туындыларынан бастап, біздегі сән үрдістеріне дейін жіті бақылап отырады. Өз ортасында сән саласының қыр-сырын үйретіп қана қоймай, Yer Model Management модель агенттігін де ашқан. Айзат көбіне шоу-бизнес өкілдерімен жұмыс істейді: жұлдыздардың бейнебаяндары мен қызыл кілемге киетін образдарын дайындайды. Оның сән әлеміндегі талғамы жоғары болғандықтан, Harper's Bazaar мен Esquire Kazakhstan журналдарына мақала жазады, кинода костюм суретшісі болып қызмет атқарады және ірі музыка түсірілімдеріне образдар жинайды.

Ольга Ярмак
Ольга – жеке стилист әрі 40+ жастағы модель. Біздегі брендтердің ерекше қолтаңбасы мен бағасын ұнатады, сондай-ақ стиль жас таңдамайды деп есептейді. Visa Fashion Week шарасының тұрақты қонағы, сонымен қатар Novva әшекей брендін ашқан. Ольга басқа мамандарға қарағанда біздің брендтерді өте жақсы біледі. Оған негізінен 35-40 жастан асқан әйелдер жүгінеді.
PhD дәрежесі бар стилист әрі блогер, елімізде де, шетелде де жақсы танымал. Білім саласынан бала күтіміне шыққан соң, өз блогын жүргізе бастады. Сәнге саласына әуестігі оны Chanel брендімен және The Ritz-Carlton қонақүйлер желісімен бірігіп жұмыс істеуге дейін жеткізді. Ол жұлдыздардың фото, видео түсірілімдеріне образдар жинайды әрі жарнамаларға да киім таңдайды. Парақшасында сатып алған сәнді заттарын бөлісіп, сән көрсетілімдерінің көрермен көзінен таса сәттерін көрсетеді. Маржан сән үрдістері мен еліміздегі брендтерді өзара шебер үйлестіреді.

Әлиманың сән әлеміне келгеніне көп уақыт болмаса да, адамның көңіл-күйіне қарай жинайтын образдарымен оқырман жүрегін жаулап үлгерді. Бес жыл тәжірибесі бар стилист осы уақыт ішінде 120-дан астам адаммен жұмыс істеген. Сонымен қатар Fab School деген жеке мектебін ашып, шәкірттеріне киім таңдаудың қыр-сырын үйретеді. Сабақтар бірден сауда үйлерінде тәжірибе жүзінде өтеді, тіпті алғашқы клиентті де оқу кезінде табады. Ол образдарды қалыпқа салып жинамай, әр адамның мінезі мен ішкі күйіне ерекше мән береді.
2020 жылы карантин кезінде өзін стилист ретінде байқап, шығармашылық түсірілімдер жасап көрді. Осы сала өзіне жақын екенін түсінген соң, Маржан Шәріпова, Сэм Сариевамен және Азиз Пархатовпен бір командада жұмыс істей бастады. Ол көбіне шығармашылық фотосессиялар мен журналдарға арналған түсірілімдерді үйлестіреді.

Алматыда тұратын стилист әрі аромастилист. Оның еліміздегі әріптестеріне қарағанда аудиториясы өте үлкен. Оның «Стильная Я» авторлық онлайн курсы сән әлеміне жаңадан келген талай маманның қалыптасуына септігін тигізді. Сонымен қатар Қазақстанда B Jeans брендінің ашылуына орай өткен кәсіби байқауда ең үздік образ жасап, жеңімпаз атанды. Гүлмира – тәжірибелі маман. Ол клиенттердің гардеробын ретке келтіріп, шопингте бірге жүреді және оларға бағыт-бағдар беріп, тәлімгер болады.



