Ойын-сауықОқиғаДжерси жай футбол формасы емес

Джерси жай футбол формасы емес

7 сәуір 2026
10 мин
Как джерси
PALACE X UMBRO | PALACE

Көшеде қыз-жігіттердің ескі футбол формасын – джерси киіп жүргенін байқап қалған шығарсыз. Жағалы, винтаж стильдегі футболка. Тіпті кейде ол команданың өзі баяғыда тарап кеткен болуы мүмкін. Сондай сәтте еріксіз: «осы адам шынымен осы клубтың жанкүйері ме екен?» деп ойлайсың. Бірақ көп жағдайда адамдар бұл жейдені фанат болғаннан емес, стиль деп киеді. Себебі джерси баяғыда-ақ сән әлеміне еніп, өз орнын тапқан.


Әрине, сүйікті клубының жейдесін мақтанышпен киетін нағыз фанаттар бар. Бірақ бұл жолы әңгіме олар туралы емес. Бұл мақала винтаж футболканы күнделікті образға айналдырған, еркін, сәл ретро вайбы бар, мұртты жігіттер туралы.


Casual немесе қарапайым жігіттер 


Бұл қозғалыстың қалай басталғанын білгіңіз келсе, ақпарат көп. Ең маңызды сәттерін тізіп шығуға да болады. Бірақ біз бәрін егжей-тегжейлі емес, жалпы картинаны кеңірек етіп көрсетейік. 


Футбол мен сәннің байланысы Криштиану Роналду мен Дэвид Бекхэм дәуірінен әлдеқайда бұрын басталған. Бұл 1970 жылы 60 жылдардағы сән мәдениетінің жалғасы ретінде қалыптасты. Сол кезде Ливерпуль футбол клубының және басқа қалалардың жанкүйерлері командаларын қолдау үшін Еуропаға барып, ойын көріп қана қоймай, сол жақтағы дизайнерлік спорт киімдерін де алып қайтатын. Бұл жай ғана сувенир емес еді – ерекше стильдің бастауы болды. Мысалы, Stone Island, C.P. Company, Sergio Tacchini сияқты брендтер сол кезде ерекше сұранысқа ие болды. Жанкүйерлер оларды елге әкеліп, қайта сатып, кейбір сирек үлгілерін арнайы іздеп, өз стилінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Оның қалдығын қазір де көруге болады. Қазіргі футболдағы ең даулы бапкерлердің бірі, «Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиолаға көз салыңыз: оның командасы кез келген жан бірден танып қоятын айрықша жапсырмамен өнер көрсетеді. Жергілікті винтаж магазиндерін қараңыз, ол жақта 80 жылдары атақты болған дүниелер толып тұр. Тақырыптан ауытқып кеттік. 


Парадокс мынада: бұрын casual мәдениетіндегі жанкүйерлер керісінше, қай команданы қолдайтынын білдірмеу үшін джерси кимеуге тырысатын. Мұның нақты себептері болды. Мысалы, жергілікті барда біреумен сөзге келіп, тіресіп қалсаңыз, кейін сол үшін стадионға кіргізбей қоюы мүмкін еді. Екіншіден, ол кезеңде стиль клубтың түсімен емес, дизайнерлік спорт киімі арқылы анықталатын. Яғни, мәселе тек футболда емес, бұл – тұтас өмір салты еді.


Енді 2018 жылға оралайық. 80 жылдардағы трибуналар мәдениетінен бері үш онжылдық өтті. Осы уақыт аралығында футбол формасы көбіне тек спорт киімі ретінде қабылданып келді. Бірақ барлық қызық Нигерияда басталды. 


Нигерияның Әлем Чемпионатында күйреуі 


Негізі форма ұзақ уақыт бойы жай ғана киім болды. Көрермен кімнің қай команда екенін шатастырмас үшін ойыншылар әртүрлі түсте шығуы керек еді: мысалы, бір топ қызыл кисе, қарсылас міндетті түрде басқа түсті таңдайды.


Бірақ 2018 жылы джерси тек ажырату белгісі емес, әлдеқайда үлкен әрі қызық құбылысқа айналатынын дәлелдеді. Әңгіме 2018 жылғы Әлем чемпионатындағы Нигерия құрамасы топтық кезеңнен аса алмай, «ұшып кетті». Бірақ олар ойын нәтижесімен емес, ерекше формасымен елдің есінде қалды.


Ауқымын елестетіп көріңіз: сатылымға шықпай тұрып-ақ Nike компаниясына үш миллионнан астам алдын ала тапсырыс түскен. Ал дүкенге түскен бойда форма бірнеше минуттың ішінде бәрі сатылып кетті. Салыстыру үшін, «Манчестер Юнайтед» сияқты алпауыт клубтың өзі 2016 жылы 2,85 миллион жейде сатқан.


Classic Football Shirts компаниясының бас директоры Дуг Биртонның айтуынша, бұл жай ғана спорттық форма емес, сән индустриясындағы жаңа коллекция сияқты дүрбелең туғызған алғашқы футбол комплектісі болды.


Дизайнның өзі де ерекше: ол адире деп аталатын дәстүрлі бояу техникасынан шабыт алған, ашық жасыл түсте жасалған. Ал жеңіндегі қара-ақ өрнектер Нигерия құрамасының «Суперқыран» тұмарының қанаттарын еске салады.


Сол кезде бұл футболка кәдімгі спорттық киімнен гөрі сәнді кроссовка релизіне көбірек ұқсап кетті: адамдар кезекке тұрды, қайта сату нарығы пайда болды, ал бағасы дүкендегіден екі-үш есе қымбаттап кетті. Ең қызығы, ол әлі күнге дейін трендтен түскен жоқ.


Тіпті бұл форма Beazley Designs of the Year сыйлығына да ұсынылды. Сол уақыттан бері Әлем чемпионатына қатысатын әр команда тек жеңісті емес, дәл осындай «нигериялық сәтті» қайталауды армандайды.


Jordan Парижді бағындырды 


Біз әлі 2018 жылдамыз. Сол жылдың қыркүйегінде Paris Saint-Germain мен Jordan Brand ресми түрде серіктес атанды. Осылай, футбол клубы тарихында алғаш рет баскетбол брендімен біріккен жоба пайда болды. Алғашқы айдың өзінде-ақ PSG+Jordan жейделерінің 150 мың данасы сатылып кеткен.


Бір қарағанда, бұл шынымен оғаш көрінеді: Францияда үнемі чемпион болатын, қарсыласты шақ келтірмейтін футбол клубы мен баскетбол бренді – бір-біріне мүлдем қатысы жоқ дүниелер сияқты. Бірақ дәл осы жерде Jordan өзінің күшін көрсетті.


Michael Jordan атымен байланысты бренд спортқа тек логотип емес, тұтас мәдени код алып келді. Бұған дейін спорт пен сән қиылысатын, бірақ ол шағын ортада ғана қалатын. Ал Jordan бұл байланысты кең аудиторияға шығарды: сникер мәдениеті, ресейл нарығы, арнайы форумдар және бұрын футболға аса назар аудармайтын fashion медиа – бәрі бір экожүйеге бірікті.


PSG-ның бренд директоры Фабьен Аллергтің айтуынша, бұл екі түрлі әлемнің жанкүйерлерін тоғыстырған жоба болды. 


2025 жылдың басына қарай бұл серіктестік тіпті жаңа деңгейге шықты. Paris Fashion Week аясында PSG Jordan Wings поп-ап кеңістігі ашылып, мерчтің шектеулі түрі ұсынылды. Кейбір кроссовканың бағасы 7 мың еуроға дейін, тіпті одан да жоғары бағаға сатылған.


Tiktok-тан басты жұлдызға айналу 


Бұл бөлімде нақты бір образды елестетіп көрейік. Жаз. Кофейня. Ашық дәліз. Қолыңда фильтр кофе. Үстіңде 90 жылдардан қалған винтаж футболка, кең джинсы, аяқта Adidas Samba немесе Adidas Gazelle. Осы сәттен бастап сенің кімге жанкүйер екенің онша маңызды болмай қалады – стиль бәрінен жоғары тұрады.


2021 жылы тиктокер Бренд Хантли әзіл ретінде blokecore деген терминін ойлап табады. Идеясы қарапайым: 80-90 жылдардың эстетикасын қайта тірілту, casual рухын жаңғырту, ретро футбол формаларын күнделікті стильге енгізу.


Ал 2022 жылы бұл жай әзіл емес, үлкен трендке айналып кетті. Қалай болғаны түсініксіз, бірақ массмедиа да, сән индустриясы да осы стильді бірінен соң бірі көтере бастады.


Мысалы, Dua Lipa «Арсеналдың» формасында билеп жүр, Сабрина Карпентер «Миланның» жейдесін киіп шықты, ал Хейли Бибер Бразилия құрамасының формасын күнделікті образға айналдырды. Тіпті миландық «Интер» клубының Instagram-ын ашсаңыз, қара-көк жейде киген жұлдыздарды жиі көресіз. Әртістер, әншілер, инфлюенсерлер – бәрі осы толқынға қосылды. Нәтижесінде сол жылы футбол формасына сұраныс шамамен 100% өсті.


Әрине, бұл трендтің кемшіліктері де бар, оған кейін тоқталамыз. Бірақ бір ортақ нәрсе бар: әсіресе жанкүйер болсаңыз, сүйікті клубыңыздың формасын біреудің үстінен көргенде ерекше сезімге бөленетініңіз анық. Бұл жай киім емес, ортақ мәдени код сияқты.


Gucci, Balenciaga, Moncler сияқты ірі брендтер де бұл бағытқа қосылып, клубтармен коллаборация жасай бастады. Бірақ мәселе оларда емес. Ең бастысы, енді әр адам осы үлкен винтаж әлемінен өз стилін таба алады.


Неге қазір ностальгия болып қалды? 


Бұның бәрі қанша тұрады? 2025-2026 жылғы маусымның жаңа жейделері 1992 жылғы Премьер-лига құрылғанда шыққан жейделердің бағасынан үш есе қымбат. Сирек кездесетін винтаж түрлері люкс заттардың бағасымен пара пар. «Манчестер Юнайтедтің» 1983 жылғы формасы 500 еуродан басталуы мүмкін.

Ал «Ливерпульдің» есте қаларлық формасы одан да қымбат. Бұл қалыпты әрі саны шектеулі деген сөз қатты әсер ететін алаң. Клубтар бұл толқынға бірден ілесіп кетті. Бір «Барселонаның» өзі 2023-2024 жылғы маусымның жейделерінен 153,1 миллион еуро табыс тапты. 


Клубтар үш, кейде төрт-бес түрлі форма шығара бастады. Формалар бір маусымда бір рет қана киілетін еді. Бірақ олар әдемі болатын. Шынымен, кез келген клубтың үшінші формасына қарап көріңізші. Ол басқаша көрінеді. Ол әдейі сізбен біздің күнделікті өмірімізге жарасуы үшін басқаша жасалған. Бір ғана маусымда «Наполи» Emporio Armani-мен 13 комплект форма таныстырды, яғни жылдағы 12 айдан да артық. Бекхэмнің бұл мәдениеттегі рөліне тоқталуға да, Кореядағы Сон Хын Мин феноменін еске алуға да болар еді. Алайда қорытындымызда Англияның бір шағын стадионына тоқталайық. 


Тұман, футбол және таза ағылшынша ұрыс 


Уиган. Жаңбыр шелектеп жауып тұр. Айналаңыз толған шаршаған, шынайы ағылшын жанкүйерлері. Қолына сыра ұстап тұр. Оларға сіздің және өзінің не киіп алғаны бәрібір. Олар бұл жерде жергілікті «Атлетик» командасы Чемпионшипке шығу үшін күресіп жатқандықтан келген. Тағдыр тоғыстырып келіп қалған қарапайым жұмысшылар тобы. Көбісі бұл клубқа қашаннан бері жанкүйер екенін айта алмайды, бәлкім туғаннан бері шығар. Бұл – олардың мәдениеті. 


Джентрификация туралы айтылған мақала көп. Тренд, әлеуметтік желі және басқа да дүниелер қарапайым адамдардың мәдениетін өзіне алып кетіп жатқандай. Айналасы емес, футбол маңызды адамдар үшін. Бір жағынан бұл да дұрыс. Футболдан да, жанкүйерліктен де әлдеқайда алыс бір жаңа мәдениет қалыптасып келеді. Бұл жаман ба? Бір жағынан иә. Бірақ бәрінде осылай еді. 


Шындығында бұл адамдар кімге кедергі болып жатыр? Бұл тек ашулы гейткиперлерге ғана ұнамауы мүмкін. Ал егер сүйікті клубыңыз миллион футболка сатса, сол қаржыға жаңа ойыншы алып, ол бір финалдың соңғы минутында шешуші гол соғуы әбден мүмкін. Құлаққа майдай жағады, иә? Дәл солай. Бірақ алда 2026 жылғы Әлем чемпионаты. Ол жақта ендігі Англия, Бразилия, Германияның ерекше джерсиі бар. Бұрында мұндайды елестету қиын еді. Бұл жәй ғана сәнқойлар үшін тағы бір киім болса да, жақсы жағы көбірек секілді. 

Бөлісу: