МедиаСәнClean Girl: бұл қандай тренд және оның мәні неде?

Clean Girl: бұл қандай тренд және оның мәні неде?

23 қаңтар 2026
5 мин
Clean Girl: что это за тренд и в чем его суть?

Кейінгі жылдары әлеуметтік желіде, сұлулық саласында Clean girl деген ұғым трендке айналды. Бүгінгі материалда бұл қандай стиль, оның мәні неде және ол қыз-келіншектерге несімен ұнағанын талдаймыз. 


Clean girl - табиғи сұлулықты, тазалықты насихаттайтын стиль. Бұл стильді ұстанатын қыздар күнделікті өмірін өзінің бет-әлпетін, денесін, терісін күтуден бастайды. Олар  “макияжсыз макияж” эффектісіне жету үшін бет терісін мұқият тазалап, көп сатылы күтім косметикаларын жағады. Декоратив косметиканы аз немесе мүлде пайдаланбайды. Clean girl-дың макияжы да, шаш үлгісі де қарапайым, жинақы әрі әдемі болуы керек. Әйгілі апалы-сіңілі Джиджи мен Белла Хадид, Кендалл Дженнер және Хейли Бибер осы стильді насихаттайды. 



Clean girl  қандай болуы керек?


Сырт келбеті: Бет терісі таза әрі ылғалдан болуы керек. Қасын арнайы маймен тарап, ерні жылтырап тұруы керек, шашы таза әрі жинақы болуы керек. Шашына мусс не гель жағып қоюына болады.  


Тырнағы: Тырнағына жасатқан маникюрі қатты көзге түcпейтін нюд түсте болуы керек немесе мүлдем боямауға болады. Ең бастысы, тырнақ таза, еттері алынған болуға тиіс. 


Киім үлгісі: Бос ашық көк джинсы, ақ футболкалар, тоқылған кардигандар, пиджактар, макси белдемшелер немесе көйлектер, лен шалбарлар, аздаған алтын әшекей-бұйымдар. 


Парфюм: Тазалықтың иісін беретін парфюмдер. 


Өмір сүру стилі: Clean girl кофе орнына матча шайын ішеді, авокадо қосылған тост жейді, үйіне интерьерді өте аз қолданады. 



Бұл образға сай келмесең, сен “таза емес қызсың” дегенді білдіре ме?


Бір қарағанда Clean girl стилі адамдарға табиғи сұлулықты, тазалықты насихаттайтын сияқты. Дегенмен Twitter қолданушылары бұл трендтің артында да эйджизим, расизм, фэтфобия жатыр дейді. Себебі кейбір адам бетін қанша жуып-тазалап, түрлі косметиканы жағып, күтсе де, мінсіз тап-таза бола бермейді. Кейбір адамдар генетикасына байланысты артық салмақ жинап алуы мүмкін, яғни, таза әрі сымбатты болу үшін өз-өзіңді күту аз болуы мүмкін. Оған түрлі фактор әсер етеді. 


Әлеуметтік желідегі фотолар мен видеолар көбіне аққұба, сымбатты, табысты қыздарды көрсетеді, сондықтан кейбір адамдар өзін төмен сезінуі мүмкін.


Шын мәнінде, Clean girl образы жасқа, тері түсіне, салмаққа немесе әлеуметтік жағдайға тәуелді емес. Егер бұл стиль сізге сәйкес келмесе, өзіңізге ыңғайлы басқа стильді байқап көруге немесе белгілі бір образсыз өмір сүруге болады. Ең бастысы – өзіңізге адал болып, табиғи бейнеңізді қабылдау. Сіз өзіңіз болғанда ғана ғажапсыз.

Бөлісу: